Барлық бизнес процестерді жеңілдетеміз және үдетеміз
Скачать приложение

"Бухта" ЖШС. БИН: 140840021970. «Forte Bank» АҚ. ИИК: KZ1796502F0008821885. БИК: IRTYKZKA. Мекенжай: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Керемет ықшам ауданы, 3/1. Тел.: +7 727 346 63 33. Email: hello@buhta.com. Сайт: buhta.com
Ауторлық құқықпен қорғалатын объектілерге мемлекеттік құқықтар тізіміне ақпарат енгізу туралы №6944 куәлік, 10 желтоқсан 2019 ж. 2019 жылы 20 маусымда 233 нөмірімен мемлекеттік БКМ тізіліміне енгізілді.
Барлық дербес деректер «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-V Заңына сәйкес сақталады және өңделеді.
© 2014—2025, "Бухта" ЖШС, ресми сайт. Барлық құқықтар қорғалған.
Қаржы ・ Облигациялар vs акциялар: Қазақстанда тұрақты табысқа қалай қол жеткізуге болады

#Қаржы
Жігер Шуданбеков
29 қаңтар 2026 ・ 6 мин оқу
2025 жылы Қазақстанның қор нарығы күрделі макроэкономикалық жағдайларға қарамастан айтарлықтай өсті. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының деректеріне сүйінсек, жыл қорытындысы бойынша қор нарығының капиталдандыруы 46,7 трлн теңгеге жетіп, ЖІӨ-нің 28,9%-ына сәйкес. Инвесторлар бағалы қағаздармен белсенді жұмысын жалғастырып, капиталды нарықтың әртүрлі сегменттері арасында бөлді.
Акциялар әлі де өсу әлеуеті мен бизнестің дамуына қатысу мүмкіндігі арқасында инвесторлар үшін тартымды. Алайда жеке инвесторлар үшін тек әлеуетті пайда ғана емес, оның тұрақтылығы да өте маңызды. Бұл нарық құрылымынан анық байқалады: 2025 жылы KASE алаңындағы корпоративтік облигациялармен сауда көлемі шамамен 6 трлн теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 38%-ға өсті. Мұндай өзгеріс ғажап емес — құбылмалылық жоғары кезеңдерде инвесторлар бекітілген әрі алдын ала түсінікті табысы бар қаржы құралдарды жиі таңдайды.
Акция — бұл компаниядағы үлес. Оны сатып алу арқылы инвестор бизнестің дамуына, табыстың өсуіне және компания құнының уақыт өте артуына ұтыс тігеді. Акциялардан түсетін табыс қағаз бағасының өсуінен және, кей жағдайларда, дивидендтік төлемдер есебінен қалыптасады.
Қазақстанда акциялар екі негізгі биржада саудаланады — KASE және AIX.
• KASE (Қазақстан қор биржасы) — ішкі нарықтың негізгі алаңы. Мұнда банк, энергетика және шикізат секторларындағы қазақстандық компаниялардың акциялары ұсынылған.
• AIX (Астана халықаралық биржасы) АХҚО юрисдикциясында жұмыс істейді және халықаралық инвесторларға бағытталған. Бұл алаңда ірі қазақстандық компаниялардың акциялары, сондай-ақ жекелеген шетелдік құралдар саудаланады.
Акциялар ұзақ мерзімді келешекте жоғары табыс әкелу мүмкіндігімен тартымды. Алайда олардың бағасы компания нәтижелеріне, экономикалық жағдайға және нарықтағы көңіл күйге тәуелді. Сол себептен осы жағдайда тәуекелге дайын болу керек.
Облигациялар басқаша жұмыс істейді. Бұл — эмитент белгілі бір мерзімде бекітілген пайызды (купондарды) төлеуге және номинал соманы қайтаруға міндеттелетін қарыздық бағалы қағаздар. Көптеген жеке инвесторлар үшін осы себепшарт шешуші факторға айналады.
Облигацияларды тартымды ететін не?
1) Табыс құрылымының анықтығы
Купондық төлемдердің мөлшері мен оларды алу кестесі алдын ала белгілі және нарықтағы жағдайға қарамайды.
2) Тәуекел деңгейінің төмендігі
Акциялармен салыстырсақ, облигацияларға нарықтағы қысқа мерзімді құбылулардың әсері қатты тимейді.
3) Инвестициялық мақсаттарға икемділігі
Нарықта айналым мерзімі мен табыстылық деңгейі бойынша әртүрлі мемлекеттік және корпоративтік облигациялар қолжетімді.
Акциялар табысы бағаның өзгеруі арқылы қалыптасады және қысқа мерзімде ол инвестор күткен нәтижеден айтарлықтай ауытқуы мүмкін. Бұл нарықты үнемі бақылауды және белгісіз жағдайда шешім қабылдауға дайын болуды талап етеді.
Облигациялар міндеті ерекше — олар портфельге тұрақтылық береді. Тұрақты купондық төлемдер мен алдын ала белгілі айналым мерзімі ақша ағындарын жоспарлауға мүмкіндік береді. Және де нәтижені ағымдағы нарық жағдайына қаратпайды.
Қазақстанда облигациялардан түсетін табыс жеке табыс салығынан босатылған: инвестор тапқан ақшасын толық көлемде алады. Осы шарт таза табыстылықты арттырады, әсіресе тұрақты жұмсалымдар мен ұзақ мерзімді жоспарда. Акциялар дивидендтері мен депозит пайыздарымен салыстырғанда, бұл үлкен айырмашылық.
Мысалы, 1 млн теңгені 25% мөлшерлемемен облигацияларға салған инвестор 250 мың теңге купондық табысты толық алады. Ал акциялар бойынша дивидендтік табыс та 25% болған жағдайда, 10% табыс салығын ұстап қалғаннан кейін шотқа 225 мың теңге түседі.
Акциялар мен облигациялар бірін-бірі жоққа шығармайды. Олар әртүрлі міндеттерді шешеді: біріншісі өсу әлеуетін ұсынса, екіншісі тұрақты төлемдер мен капиталды сақтауға мүмкіндік береді. Әдетте бұл құралдарды депозиттерді меңгеріп, капиталды басқарудың келесі деңгейіне дайын инвесторлар таңдайды.
Алайда нарықтағы тұрақсыздыққа үнемі алаңдамай, сабырмен әрі жүйелі түрде инвестиция жасағысы келетіндер үшін портфельдің негізі ретінде облигацияларды ұсынамыз.
Соңында — біздің облигация шығарылымы туралы қысқаша:
• Облигациялар бойынша купондық мөлшерлеме — 25%
• Бір облигацияның құны — 1 млн теңге
• Купон бойынша төлемдер жылына 2 рет
• Орналастыру мерзімі — 2 жыл
«Бухта» облигациялары теңгедегі жоғары табыстылығы бар, түсінікті әрі ашық құрал іздейтін, валюталық бағамдардың ауытқуын қадағалауға уақыт бөлгісі келмейтін инвесторларға лайық. Қазақстандағы инвесторлардың басым бөлігі табысы жоғары теңгелік құралдарды таңдайды.
Облигацияларды орналастырудан тартылған қаражат компания тарапынан шағын және орта бизнеске арналған қаржылық сервистерді дамытуға, соның ішінде несие бері және жаңа IT-өнімдерді дамытуға бағытталады.
📞 Облигацияларды сатып алу үшін 87784560179 нөмірі арқылы брокерге хабарласып, өтінім қалдырыңыз.
Таңдаулы